Sunday, 8 September,2024

Алматыда анасы таксиде ұмыт қалдырған қыз аман-есен табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Екі күннен бері іздеуде болған төрт жасар Мармар Қалмақбай аман-есен табылды. Такси жүргізушісі кішкентай қызды полицияға тапсырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Іздеуде болған төрт жасар қыз туралы бұған дейін жазғанбыз. Жамбыл ауданынан Алматыға такси ұстаған анасы кішкентай қызын көлікте ұмытып кеткен болатын. Мармар Қалмақбайды іздестіруге полициядан бөлек, еріктілер де жұмылдырылды. Полицейлердің айтуынша, қыз баланы такси жүргізушісі бүгін таңертең бөлімшеге алып келген.

«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды»,-деп хабарлады ведомстводан.

Ұсынылатын