Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Видеодан кадр
                                                        Алматыда автобус екі адамды қағып кетті. Соның салдарынан бір жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қалалық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қыркүйекте таңғы сағат 09:05 шамасында болды. Автобус 2 жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан бір адам көз жұмды.
“Автобус жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді”,- делінген хабарламада.
            


