Thursday, 19 September,2024

Алматыда автобустың қатысымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Алматыда автобус пен маршруттық автобус соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты. Жол апатына қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты кеше, сағат 09.00-де Алатау ауданында болған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған.

"2003 жылы туған Chevrolet көлігінің жүргізушісі Емцов көшесімен солтүстік бағытта, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан", - деді Салтанат Әзірбек.

Ұсынылатын