Алматыда баласын көшеге тастап кеткен ана жазаланды
Алматыда баласын жол бойына тастап кеткен ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Арбадағы сәбидің видеосы ғаламторда қызу талқыланған болатын. Онда жол бойында жатқан баланы кездейсоқ жолықтырған адамдардың тауып алғанын көруге болады. Олар полицияға дереу хабар бергенімен, көп ұзамай анасы да табылды.
Сөйтсе, интернеті істемеген соң ол көшенің арғы бетіне кеткен екен. Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдиннің айтуынша, баланың анасы осы әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Тәртіп сақшылары баланың анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баланың ата-анасымен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізілді. ҚР ҚК мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің баптары туралы түсіндірме өткізілді”, - Ернар Сайділдин.