Saturday, 27 April,2024

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласының денесі табылды

Uaqyt.info
Фото

Алматыда белгілі кәсіпкер, Qazaq bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда кәсіпкердің жұмбақ жағдайда көз жұмғаны айтылған.

Алдын ала деректер бойынша, ол өз-өзіне қол салуы мүмкін.

Осы дерек бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіпі жатыр.

Айта кетейік, марқұм Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы  күйеу баласы болған.

"Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді ПД өкілдері.

Ұсынылатын