Sunday, 24 November,2024

Алматыда бір аптадан бері іздеуде болған ер адам өлі табылды

Uaqyt.info
Фото

Алмытада осыдан бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1989 жылы туған Тимур Попов 29 қарашада үйінен шығып, сол күйі із-түссіз кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында оның денесі тек бір аптадан кейін судан табылған.

"Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азамат әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Іздеу нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”- делінген ақпаратта.

Ұсынылатын