Friday, 20 September,2024

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматыдағы Горький саябағында орналасқан дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік жағдай әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада ағаштың ірі бұтағы дәмхана шатырына опырылып түскенін байқайсыз. Тіпті сол уақытта ондағы халықтың тым-тырақай қашқанын да көруге болады.

Кейіннен оқиғаның Горький саябағында болғаны белгілі болды.

Жергілікті билік бұл апаттан зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.

Ұсынылатын