Алматыда Дикий Арманның соты басталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыда Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынған Дикий Арман мен тағы 4 шақты адамның соты басталды. Бұл қатарда Қайрат Құдайберген де бар.
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалардан кейін бірнеше ай аралықпен ұсталған еді.
Дикий Арман 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұрлап, ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет етіп, адамдарды қылмыстық әрекетке итермеледі деп айыпталды.
Ал кәсіпкер Қайрат Құдайберген 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және Дикий Арманмен сөз байласты деп күдікке ілінген.
Жұмагелдиев те, Құдайберген де барлық айыптауларды жоққа шығарған.