Thursday, 19 September,2024

Алматыда екі баласын өлтірген қаскөй әкеге қатысты тергеу басталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда екі ұлын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5-ші және 2-ші сыныпта оқитын балаларын туған әкесі өлтірген. Күдікті оларды әжесінің үйінен ауруханаға апарамын деп алып кеткен екен. Әзірге ер адамның мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

“Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ұсынылатын