Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған: Министр түсініктеме берді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы облысында қыз зорлаған полиция қызметкерлеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Өкінішке қарай, бұл деректің болғаны рас. Бұрынғы құқық қорғау қызметкерлері аталмыш қылмысты жасады. Бұл жағдайдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, дисциплинарлық комиссияның отырысы өткізіліп, бұрынғы қызметкерлер ішкі істер органы саласынан шығарылды. Бұдан бөлек күдіктілер қылмыстық іс шеңберінде қамауға алынды. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр”, - деді министр.