Sunday, 8 December,2024

Алматыда ер адам автобус контролеріне пышақ жұмсады

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Алматыда ер адам автобус контролерін ас үй пышағымен жарақаттады. Оқыс оқиға Наурызбай ауданында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аялдамада болған жағдай көптің төбе шашын тік тұрғызды. Белгілі болғандай екеуара жанжал 38 жастағы ер адамға автобус контролерінің ескерту жасағаны себеп болыпты.

“Сонан соң ер адам автобус салонына жүгіріп кіріп, контролерді пышақпен жарақаттаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды”, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.  

Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті тез арада ұсталып, уақыша ұстау изоляторына қамалды

Ұсынылатын