Алматыда ер адам суицид жасамақ болды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін 4-ші қабаттан секірмекші болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, Наурызбай ауданында жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған, сол себепті ол алдымен өзін пышақпен кеспек болған. Дегенмен, қаннан қорыққан ол, қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырға шығып, секірмек болған.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті. Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды, ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайтын болады.