Saturday, 23 November,2024

Алматыда ер адам Tele2 ғимаратын жарып жібермек болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда интернеттің сапасына көңілі толмаған ер адам Tele2 ғимаратын жарып жібермек болды. Ол операторларға қоңырау шалып, осындай қадамға баратынын ескерткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өз өмірлеріне қауіп төнгенін айтқан қызметкерлер полицияға хабар береді. Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

“Жұмысқа келген ер адам телефoнында интернет байланысы жоқ екенін байқаған. Ол ұялы телефонынан Tele 2 байланыс орталығына қоңырау шалып, байланыс сапасының нашарлығына шағымданған. Оператор қыз "абонентке" тарифті қайта қосып, 4000 теңге көлемінде төлем жасау керектігін айтқан. Ер адам эмоцияға беріліп, әдепсіз сөздерді қолдана бастаған және бұның ауыр зардаптарға әкелетінін айтып қoрқытқан”, – делінген террoризмге қарсы oрталықтың хабарламасында.

Ұсынылатын