Алматыда есірткі сатумен айналысқан бармен 10 жылға сотталды
Алматыдағы клубтардың бірінде есірткі сатумен айналысқан бармен 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, бармен клиенттеріне мефедрон сатумен айналысқан. Ол ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3,6-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыскер 10 жылын енді темір тордың ар жағында өткізеді.
“Мефедрон жеткізу арнасын анықтау іс-шарасы нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлерінің назарына қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені түсті. Оның жұмыс орнында – түнгі клубтың бар кассасында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Күдікті есірткі сату кезінде қолға түсті. Барды және жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған, ішінде мефедрон байламдары бар темекінің екі қорабы тәркіленді. Тергеу шаралары ұсталған азаматша тұрған үйде жалғасты. Күдіктінің құрбысы есірткіден құтылғысы келді, бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды. Сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы, қаптама материалы және есірткі заты бар 3 байлам табылды”, – делінген хабарламада.