Monday, 16 September,2024

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті

Uaqyt.info
Фото

Алматыда «каршеринг» жүргізушісі бірден 6 көлікті соқты. Соның салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек түнгі 00:10-де Абай даңғылымен батыс бағытта «Volkswagen» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 2004 жылы туған К. есімді жүргізуші тұрақта тұрған алты көлікті соққан.

«Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатын Әуезов аудандық полиция басқармасы өндіріске қабылдады», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын