Алматыда іш киіміне есірткі жасырған күдікті ұсталды
Алматылық тұрғын іш киіміне есірткі жасырған, – деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция қызметкерлері Әуезов ауданында жүргізген арнайы іс-шара барысында жас алматылықтан “мефедрон” есірткі затын тәркіледі.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.
– Күдіктінің жеке басын тінту кезінде оның іш киімінен ақ изолентаға оралған, ішінде ұнтақ тәрізді зат бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық психотроптық “мефедрон” есірткісі болып шықты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.