Wednesday, 27 November,2024

Алматыда келіншек 4 жасар баласынан айырылды: Бүлдіршінді көңілдесіне айналған бұрынғы студенті ұрып өлтірген

Алмас Абылай
Фото

Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде жантүршігерлік оқиға тіркелді. Өзінің бұрынғы ұстазымен көңіл қосқан студент 4 жастағы баласын ұрып өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Немолчи қоры жазды. Ондағы дерекке сүйенсек 2004 жылғы күдіктіге келіншек колледжде сабақ берген. Кейін көңіл қосып, үйіне кіргізген.

Жантүршігерлік жағдайды қорға туыстары нақтылаған. Баланың әжесі, келіншектің ағасы және тағы бір сенімді дерек көзінің ақпарынша оқиға жаздан бері жалғасқан.

Яғни әлгі жігіт көңілдесінің баласын үйінде бұған дейін де бірнеше рет ұрған көрінеді. Соңғы рет қыркүйек айының ортасында бала қатты қиналып, ауруханаға жеткізілген. Әлгі келіншек күдіктінің кінәсін жасыру үшін баласын құлап қалды деп түсініктеме жазыпты.

Кейіннен анықталғандай жас жігіт 4 жастағы баланы қатты ұрған көрінеді. Салдарынан баланың бауыры жарылып, көп қан жоғалтқан. Ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіліпті.

Полиция бұл оқиғаны растады. Күдікті 2004 жылғы жігітті қамауға алғанын да айтты.

Десе де бүлдіршіннің туыстары бұл жағдайға анасының да кінәсі барын айтып, әділ тергеуді талап етіп отыр.

Ұсынылатын