Friday, 22 November,2024

Алматыда көлікті мас күйінде тізгіндеген 437 адам жауапқа  тартылды

Uaqyt.info
Фото polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 437 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

 

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, заңды өрескел бұзып, көлікті мас күйінде басқарған 437 жүргізуші жазаланды.

“Жыл басынан бері 653 әкімшілік іс қарастыру және шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Оның ішінде 437-сі көлік құралын мас күйде басқару деректері бойынша, 26-сы – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кету деректері бойынша, 17-і – медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін, 4 – жалған нөмірді автокөлікке орнатқаны үшін және тағы 2 – көлік құралына стробоскоп пен СГУ орнатқаны үшін. Нәтижесінде соттың шешімімен 376 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 398 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын