Saturday, 23 November,2024

Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген ер адам суицид жасамақ болды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы тұрғын үй кешені күзетшісін қатігездікпен өлтірген оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні ұрып өлтірген ер адам полицейлер келгеннен кейін қашып кетпек болған. Содан кейін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Полицейлер оны дер кезінде ұстады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицейлер.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен видеосы тараған еді.

Ұсынылатын