Saturday, 23 November,2024

Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтеріледі

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматы мәслихаты ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл санатта хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, "Алатау" дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, "Алматы әуендері" қызметкерлері бар.

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңгені құрайды.

Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.

Ұсынылатын