Saturday, 23 November,2024

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қасқана қағып құлатты

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып, кейін оқиға орнынан қашпақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына дулыға кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық.  Тоқтау туралы бұйрықты орындамады.  Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады.   Сонымен қатар, ол жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірді.  Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедист  артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді.  Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады.  Мен құладым.  Ал, мопедист көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды", - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы, жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады.

Ұсынылатын