Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті
Алматының Құлжа тас жолының бойынша мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кетпек болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, мопед жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша, оның ішінде полиция қызметкерінің талаптарына бағынбай, оны қағып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Патрульдік экипаж өздеріне берілген бағыт бойынша жүріп келе жатқан. Олар мопед мінген тәртіп бұзушыны бірден байқаған. Ол жылдамдықты асырып, бөлініс жолағы бойымен қарама-қарсы қозғалып келе жатты. Жүргізуші, тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талаптарына жауап бермеді: қозғалып келе жатқан бағытында полиция қызметкерін қағып кетіп, қашуға әрекеттенді. Инспектор қолынан жарақат алды. Белгілі болғандай, 39 жастағы қала тұрғынының көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, ол көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 2019 жылы сот шешімімен құқығынан айырылған”, – делінген хабарламада.