Friday, 17 May,2024

Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауады: ТЖД ескерту жасады

Uaqyt.info
Фото pixabay

Қазгидромет 18 мамырға өз болжамын ұсынды. Ал Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына аса сақ болуға ескертеді деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы ТЖД жаңбыр жауып, бұршақ күтілуіне байланысты қала тұрғындарына далаға шықпауға және көліктерді ағаштардың астында қалдырмауға ескертеді.

Сондай-ақ, екпінді жел күшейген жағдайда мына шараларды ескеріңіз:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй ішінде болыңыз);
  • егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабу. Ашық балкондардан тұрмыстық заттарды алып тастау;
  • көшеде болсаңыз, ең жақын тұрғын үй кіреберісіне немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;
  • билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттар, сондай-ақ үй қабырғалары маңына тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өмірге қауіпті.

Ұсынылатын