Saturday, 5 October,2024

Алматыда наразылыққа шыққан киногерлер елордаға барды: Ашынған азаматтар Мәдениет министрлігінің алдына жиналды

Алмас Абылай
Фото Ulysmedia.kz

Алматыдан арнайылап елордадаға барған киногерлер мәдениет министрлігі алдында әділдік талап етті. Олар наурызда Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына наразы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ашынған киногерлердің әділдік талап еткен әрекетін Ulysmedia.kz сайтын жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, наразылыққа шыққан азаматтар конкурсқа 290 киножоба жолданғанын, соның ішінде 130 киножоба іріктеуден өтіп, 150-ден астамы қайтарылғанын айтқан. Бірақ олар сол іріктеу конкурсы әділетсіз, заң бұзушылықтармен өтті деп есептейді. Наразы болып Алматыда 12 мамырда митингке де шыққан. Алайда "іріктеу тексерілсін, жаңадан тәуелсіз комиссия құрылып, өткен жобалар тексерілсін" деген оларға полиция заңсыз жиын өткізді деп айыппұл салған.

Осылайша министрліктер үйі алдында киногерлер журналистерге сұхбат беріп тұрғанда сол жерден мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров өтіп бара жатқан. Аяқ астынан әңгіме депутатпен өрбіді. Мәжіліс депутатына мәселені актер, режиссер Азамат Шарғын түсіндірді. Ал Сайыров келесі аптада киногерлердің талабы бойынша Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазуға уәде беріп құтылды.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Нұрсейіт Жылқышыбай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында режиссер Азамат Шарғынмен сұхбаттасқан еді.

Ұсынылатын