Saturday, 23 November,2024

Алматыда неонатальды медбикелердің халықаралық форумы өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханалардажұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тtjk.info сайтының хабарлауынша, Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқындытерапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде ортамедицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді.

Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер–гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы ортамедициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс–шара.

«Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова.

Ұсынылатын