Saturday, 19 April,2025

Алматыда өрттен екі адам тірідей жанып кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыда “времянка” өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 ақпанда Ш.Мұртаза көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушылар өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйітін алып шықты. 15 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз.

“Өрт сөндіру барысында екі адамның денесі анықталды. Алдын ала болжам бойынша, бұл үй жалға берілген. Аталған істің материалдары Медеу аудандық Полиция басқармасының бөліміне жіберілді”, - делінген мәліметте.

Ұсынылатын