Saturday, 5 October,2024

Алматыда “пәк” қыздардың тізімін жариялаған оқу орны жауапқа тартылатын болды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірі студент қыздардың жеке деректерін әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Мәселеге Ғылым және жоғары білім министрлігі араласты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бұл мәселе бақылауға алынды, себебі бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар. Бұл мәселені заң жүзінде қатаң реттеу керек. Жалпы бұл – мәдениет мәселесі. Біз қаншама жеке куәлікті таратып жүрміз. Жоғарғы оқу орнында осындай жағдай болғаны, әрине, көңіл көншітпейді. Жеке дерек өте құпия ақпарат екені туралы заң жүзінде қатаң бақылау болмаса, мәдениет өзгермейді”, – деді министр Саясат Нұрбек.

Ұсынылатын