Saturday, 23 November,2024

Алматыда полицей әріптесін тапаншамен басынан атып өлтірді

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Алматыда полиция қызметкері әріптесін ас ішіп отырғанда басынан атып өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Козачков жазды. Оның дерегіне сүйенсек, оқ атқан әріптесі, 28 жастағы сержант. Алмалы ауданды полиция басқармасының қызметкері.

"Таңғы сағат 8:00-де полицей өлімі туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл прокуратура және тергеу тобы барды. Анық болғандай сағат 7:50 шамасында сержант Д. Тамақтанатын бөлмеде әріптесін табельді қарудан атып өлтірген. Полицей оқиға орнында көз жұмды", - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай бұл жағдайды полиция департаментінде растады. Онда абайсызда атып алғаны жазылған. Әрі қылмыстық коедкстің 104 бабы бойынша сот дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты.

Ұсынылатын