Saturday, 23 November,2024

Алматыда қарапайым күзетшіні аюуандықпен өлтіріп кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірін күзететін ер адамды жауыздықпен өлтіріп кетті. Қатыгездің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кадрлардан қаскөйдің жерде жатқан күзетшіні аяусыз соққыға жығып, тепкілеп жатқанын көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ер адамды алдымен көлікпен қағып, кейіннен ұрып тастаған.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген күзетші дәрігерлердің алдында жан тапсырды. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысыны қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуда”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын