Алматыда қатты жел көпқабатты үйдің қаптамасын бүлдірді
Алматыда қатты соққан желдің салдарынан көпқабатты үйдің қаптамасы құлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс жағдай қаладағы Әуезов ауданында болған. Опырылып құлаған қаптаның видеосын желі қолданушылары Facebook-те жариялады. Онда апат салдарын жоюға келген ауыр техникаларды көруге болады. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
«Инспектор келген соң екпіні 13 м/с дейін соққан желдің кесірінен 9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр аумақтағы шеткі жұмсақ қаптамасы құлағаны анықталды (қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр). Үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты бұл учаскені 2 мамырдан бастап Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) қоршаған болатын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Мұнда қазір МИБ төрағасы, әкімдік қызметкерлері жұмыс істеуде»,-деп хабарлады қалалық ТЖД.