Friday, 22 November,2024

Алматыда құны 7 миллиард болатын жері телімі мемлекет меншігіне өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда Құны 7 миллиард теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскеслері анықталған. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.

"2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған.Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын