Thursday, 19 September,2024

Алматыда құрылыс материалдары сақталған қоймадан өрт шықты

Uaqyt.info
Фото

Алматыда қойма өртенді. Қызыл жалын 500 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, өрт 14 қаңтарда Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде орналасқан қоймадан шыққан.

Өртті сөндіруге  21 бірлік техника, 100-ден астам адам жұмылдырылды.

“Өртті сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газбаллон эвакуацияланды. Қабылданған шаралармен өрт оқшауланып, толығымен жойылды. Көршілес орналасқан қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді. Нәтижиесінде кәсіпкерлерді 5 мың шаршы метр болатын қоймалары аман алынып қалды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

 

Ұсынылатын