Saturday, 23 November,2024

Алматыда қымбат мопедтерді ұрлаумен айналысқан шетелдік азамат ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Алматыда қымбат мопедтерді ұрлаумен айналысқан шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, күдіктіні Әуезов ауданының полиция қызметкерлері анықтады. Жедел уәкілдердің мәліметінше, 24 жастағы жігіттің бөтеннің мүлкін ұрлаудың кем дегенде төрт дерегіне қатысы бар.

“Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан азаматы – 1999 жылы туған Н.есімді азамат Ақсай-1 ықшамауданындағы үйдің ауласынан Бумер мопедін ұрлап кеткен. Жәбірленуші материалдық шығынды 520 мың теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды. Оның осыған ұқсас тағы үш қылмыс жасағаны анықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, тергелуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр” – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

 

Ұсынылатын