Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды
Uaqyt.info

Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Polisia.kz жазды. 24 тамызда Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.
Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.