Алматыда Совет одағының туына қарсы шыққан белсенді бес тәулікке қамалды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
9 мамырда қала көшелерінде Совет одағының туын көтеріп жүргендермен шекісіп қалған белсенді Жанболат Шәйзада бес тәулікке қамалды. Белсендіге “Ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айта кетейік, белсендінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда Жанболат Шәйзаданың Совет одағының туын желбіретіп қала көшелерінде кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, олармен шекісіп тұрғанын көруге болады. Ол келмеске кеткен ССР туын олардан жұлып алады.
Сот шешімінде оның “қоғамдық орында жүріп, келе жатқан көліктерді өз бетімен тоқтатып, жанжал шығарып дөрекілік көрсетіп, былапыт сөздер айтқаны, көліктен тулардың көшірмелерін жұлып алып қоғамдық тәртіпті бұзғаны” жазылған.