Алматыда тағы бір қойманың күлі көкке ұшты
Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты. Қызыл жалын 295 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 25 тамызда түнгі сағат 01:36 шамасында түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды.
«Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды»,- деді ТЖД баспасөз қызметінен.