Алматыда тағы да жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматыдан 275 шақырым жерде орналасқан қытай аумағында жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 4,4 болатын жер асты дүмпуі 28 ақпан күні сағат 07.17-де болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Энергетикалық класы: 9.9. Тереңдігі: 5 км. Құрбан болғандар немесе қираулар туралы ақпарат жоқ”, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН» және «И» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мамандары.