Алматыда тағы да жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматыда 7 сәуірде қуаты екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«7 сәуір сағат 13:46-да Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстк-шығысқа қарай 460 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым (МЅК-64 шкаласы бойынша)», - делінген хабарламада.