Saturday, 23 November,2024

Алматыда тағы лай көшкіні жүруі мүмкін бе? ТЖД жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы ТЖД мәлімдеді. Онда мамандар қалада лай көшкіні қайталануы мүмкін деген қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“8 ақпан сағат 15:00–дегі жағдай бойынша комиссия зерттеу қорытындысы бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай көшкінінің түсуіне қауіп жоқ деген шешімге келді”, — делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда болған табиғи апаттан төрт адам көз жұмған болатын. Қала әкімі Ерболат Досаев марқұм болғандардың жақындарына тиісті көмек көрсетілетінін және таулы аймақтарда үй салу бойынша ережелер қатаңдайтынын айтты.

"Кеше "Тау Самалы" шағын ауданы Олимпийская көшесінде қайғылы оқиға болды, техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты лай көшкіні біздің азаматтардың өмірін қиып кетті. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысымен бөлісіп, орны толмас қазаға көңіл айтамын. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру және еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмекті көрсетеді. 2022 жылдың маусым айында Алматы қаласының әкімдігі мәслихатпен 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады. Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыс салу бойынша анықталған 54 фактіден сотқа 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда. Біз басталған жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниеттіміз, өкінішке қарай, "Тау Самалындағы" қайғылы оқиға тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін тағы да дәлелдеді", - деді әкім Ерболат Досаев.

Ұсынылатын