Friday, 29 March,2024

Алматыда такси жүргізушісі туристердің 355 мың теңгесін тартып алған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда такси жүргізушісі 15 минуттық жерге апарғаны үшін туристердің 355 мың теңгесін қағып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлады. Онда алматылық таксидің Үндістан азаматтарын алдап соққаны айтылады. Әккі жүргізуші туристерді әуежайдан Тимирязев көшесіндегі қонақүйге жеткізгені үшін 355 мың теңге алған екен.

Ал мұндай көп сомадағы ақшаны бергісі келмей, қарсылық танытқан шетелдік азаматтарды ол қорқытып, қоқан-лоққы көрсеткен. Өмірлеріне алаңдаған туристер сұраған ақшасын бердік дейді.

Айта кетейік, осы такси жүргізушісі Германия азаматын бұған дейін 200 мың теңгеге апарғаны үшін басы дауға қалған болатын. Полиция аталған дерек бойынша, тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ұсынылатын