Saturday, 23 November,2024

Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, полиция қызметкерлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады. Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған  2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азаматтар.

“Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды”, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған.Олар “Жібек жолы” бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

 

 

Ұсынылатын