Алматыда толғағы қысқан әйел көлікте босанып қалды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Талғар тұрғыны Алматыда көлік ішінде босанды. Бала мен ананың денсаулығы жақсы, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәлімет бойынша, көлік ішінде босанған әйелді жедел жәрдем бригадасы бірден №1 қалалық перзентханаға жеткізген. Ол Алматыға бір жұмыстармен Талғардан келіпті. Сол кезде толғағы қысып, ол өзін жәйсіз сезінген. 103-ке дереу хабар берілгенімен, ол медицина қызметкерлері келгенше босанып үлгерді.
«Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Баланың салмағы 3 келіден асады. Ол инвазивті емес желдетудегі балалар бөлімінде орналасты. Баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.