Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты асылып қалды
Алмас Абылай

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты асылып өлді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақпаратты комитет растады. Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға 30 сәуір болған.
"ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылды. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілуде.