Monday, 25 November,2024

Алматыда үшем дүниеге келді

Uaqyt.info
Фото Uaqyt.info

Алматыдағы перинеталдық орталықта үшем дүниеге келді. Екі қыз, бір ұлдың ата-анасы қаладағы Алатау ауданында тұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

32 жастағы Мейрамгүл Сейілханова үшемді 30 мамырда дүниеге алып келген. Мейрамгүл екі қыз, бір ұлды кесарь тілігі арқылы босанған.

Перинеталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, балалар жаңа туғанда өте әлсіз болған. Олар екі апта дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін орталықтан үйлеріне шығарылды. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Оларға ата-анасы Амира, Аниса және Айдын деген есімдер берген. 

Айта кетейік, үшемді қосқанда Мейрамгүл Сейілханова бүгінде жеті баланың анасы.

Ұсынылатын