Алматыда заңсыз салынған мейрамхана сүрілді
Uaqyt.info

Соттың шешімімен Алматыда заңсыз салынған ірі ғимарат сүрілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, мейрамхана иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі және 321, 463-баптарының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданған.
«Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында Наурызбай ауданындағы Ақжар шағынауданында жаңа мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған болатын»,– делінген хабарламада.