Алматыда жас қыз 16 қабаттан құлап мерт болды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға. 16 қабаттан жас қыз құлап мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақпаратты оқиға маңындағы куәгерлер растауда. Айтуларынша бойжеткен бұл үйде тұрмайды. Ол пәтерден емес, баспалдап тұсындағы терезеден құлап кеткен.
Оқиға кеше кешкі алтылар шамасында болған. Тұрғындар жас қыздың көмекке шақырған даусын естігендерін айтады. Ал кейінірек бойжеткеннің балконнан аяқ киімі мен сөмкесін тауыпты. Әзірге бұл жағдайға не түрткі болғаны белгісіз. Азаматтардың кейбірі әлеуметтік желіге видео түсіру кезінде құлап кетуі мүмкін дейді.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 105-ші, “Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс тергелуде.