Sunday, 8 September,2024

Алматыда жас қызды ұрған әкімдік қызметкері ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бас маманы әйел адамды ұрды деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, қызға қол көтерген ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Жуан жұдырықтының Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бас маманы екені белгілі болды. Ол осы әрекетінен кейін жұмыстан өз еркімен кеткен.

“Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 61-бабы 1-тармағының 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды”, - делінген әкімдік ақпаратында.

Алматы ПД күдіктінің ұсталғанын айтты.

Алматы қаласының полиция департаменті Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жасап жатыр. Ер адам ұсталды, - деді қалалық полиция департаменті.

Ұсынылатын