Sunday, 8 September,2024

Алматыда жас қызға тиіспек болған күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда көше ортасында жас қызға тиіспек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚазАқпарат жазуынша,Алмалы ауданында тұрғындар жас қызға тиіспек болған ер адамды ұстап алған. Болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге шықты.

«Алмалы ауданында тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естігені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен тұрғындар видеодағы ер адамның тез киініп, қашып кетуге тырысқанын көрді», - делінеді видеодағы жазбада.

Полицияда аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімімен тіркеліп, тергеу басталғанын хабарлады.

«Айыпталушы жауапқа тартылды. Басқа да мән-жайлар анықталуда», - деп жазды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын