Saturday, 27 July,2024

Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап, мерт болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Оқыс оқиға «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 19 қарашада болған. Тәртіп сақшылары жас жігіттің өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Ұсынылатын