Monday, 20 May,2024

Алматыда жас жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жас жігітті тепкінің астына алған күдікті ұсталды. Ғаламторда тараған видео көпшіліктің наразылығын туғызған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қоғамда резонанс туғызған видео әлеуметтік желіде тарады. Онда соқталдай ер азаматтың жас жігіттің тепкілеп, ұрып жатқанын көруге болады.

Күдікті сол сәтте жалғыз болмаған. Оның досы жасөспірімнің қалай таяқ жегенін видеоға түсірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол ескі танысын 15 мың теңге үшін соққыға жыққан.

Алматы ПД хабарлауынша, видео қаладағы сауда орталықтарының бірінде түсірілген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, олардың үстінен зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсынылатын